26 Сәу 2021
Соңғы өткен іс-шаралар

"Наурыз көңілдің әні"

Мектебімізде 10-20 наурыз  аралығында наурыз мерекесі тойланды. Әр күн әр түрлі атап өтілді. 10 наурыз күні "Наурыз көңілдің әні" тақырыбы аясында  1-9 сыныптар арасында әдеби музыкалық кеш өткізілді.

11 наурыз күнін "Ұлыстың қадам басқан ұлы күні" тақырыбы аясында сурет көрмесі өткізілді.

12 наурыз күні "Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда" тақырыбы аясында би кеші ұйымдастырылды.

"Ұлттық ойын-ұлт игілігі" атты ұлттық ойындау күні мектебімізде наурыз айының 13 наурыз күні өткізілді.

Наурыз айының 15 күні " Атадан қалған ұлы мұра"  тақырыбы аясында қол өнер бұйымдарын жасау көрмесі өткізілді.

"Қазақтың салт дәстүрлері" тақырыбында 16 наурыз күні сыныптар арасында көрініс байқауы өткізілді.

Сонымен қатар наурыз айының 17 күні мектебімізде ұлттық тағамдар күні деп бекітілді. "Ұлыстың ұлы мейрамы" тақырыбында әр сыныпқа ұлттық тағамның түрлері тапсырылды.

18 наурыз күнін "Батаменен ел көгерер" деген тақырыпта баталар сайысын өткіздік. Бауқауда әр сыныптың жігіттері бата беруден жарысты.

19 наурыз күні мектебімізде "Нұр себеле-ұлыстың ұлы күні" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.

20 наурыз күнін ұлттық киімдер күні деп алдық. Қыздарымыз бен жігіттеріміз қазақтық ұлттық киімдерін киіп келіп, ұлттық киімдер жайлы ақпараттармен бөлісті.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар